+7 (7182) 34-89-93

24  қыркуйекте  «Еrtis»  ҚТК және «Көзі көрмейтін нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана» бірлескен «Керемет жандар» әлеуметтік жобасының  кезекті бағдарламасы шықты.

Бағдарламаның қонақтары:  Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, аудармашы, балалар ақыны, Аққулы ауданының Құрметті азаматы, «Ақсақалдар тағылымы» облыстық қоғамы бірлестігі төрағасының орынбасары Серік Қинаятұлы Сатыбалдин және Қазақ соқырлар қоғамының  мүшесі Нұрбике Сейлханқызы Әлмагамбетова болды.

Серік Сатыбалдин өзінің шығармаларын және аудармаларын ұсынды. Қоғамның жұмысы туралы айтты.

Нұрбике Әлмағамбетова 35 жасында  көз жанарынан айырылды. 2020  жылы Қазақ  соқырлар қоғамына келді.  Осында ол Брайль әрпін және компьютерді үйреніп жүр. Мамандығы бойынша мұғалім болғандықтан, жоспарында  - мектепте балаларды оқыту.  

Үшінші кейіпкеріміз Айман Ақберганова туралы бейне-сюжет  көрсетілді.  Айман қатты сырқап, жатып қалды. Ауруы «Хрустальная болезнь» деп аталады. Өте нәзік ауру. Отырса, сүйектері сынып кетуі мүмкін. Оған қарамастан, Айман Акперганова  жатса да, мойымайды. Өте өнерлі адам. Бисерден  әдемі бұйымдар жасайды.

Көрермендердің көңілін  көтеру үшін,  дарынды балаларға арналған музыкалық-интернат мектебінің оқушылары  Гныря Артемий және  Турегелды Жасүлан труба мен аккордеонда әдемі әуендерді ойнады.

«Керемет жандар»  жобасын әр айдың  соңғы жұмасында тамашалай аласыздар.

Онлайн кім

Қазір 44 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр