+7 (7182) 34-89-93

«Отбасы күні» мерекесі қарсаңында облыстық арнайы кітапхана «Мерейлі отбасы» мерекелік іс -шарасын ұйымдастырды. Іс -шара Байқау түрінде өтті. Байқауға қатысушылар арнайы кітапхананың оқырмандары болды: Ыдырысовтар отбасы мен Казкеевтер отбасы.

Байқауда үш тапсырма болды: отбасын таныстыру, отбасының сүйікті тағамын тарту ету және шығармашылық өнер. Казкеевтер отбасы макраме тоқу бойынша шағын сабақ көрсетті, ал Ыдырысовтар отбасы Әсия-апай ән шырқады.

Қазылар алқасы бірауыздан «Өнерлі отбасы» номинациясын Қазкеевтер отбасына берсе, Ыдырысовтар отбасы «Қамқор отбасы» номинациясын иеленді.

Іс -шара барысында қонақтарға аталған тақырыпта кітаптарға шолу жасалды.

Үміткерлер дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды. Іс -шараға «Ана тілі» орталығының директоры Кинжикова Шолпан Духтурбайқызы демеушілік жасады.

Онлайн кім

Қазір 107 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр