+7 (7182) 34-89-93

6 жастан 8 жасқа дейінгі №26 орта мектеп жанындағы мектеп лагерінің оқушылары арнайы кітапханаға экскурсияға келді.

Біз оларды барлық тифложарақтарымен таныстырдық, коворкинг кеңістігін көрсеттік, соқырлар дойбы мен шахматты қалай ойнайтынын айтып бердік. Оларға тифлокабинетте өте қызықты болды: арнайы кітаптарды, тифлопринтерді, тифлокомпьютерді, арнайы грифель-қаламсапты, алфавит-колодканы қолымен ұстап көрді.

Дыбыс жазу студиясында болып, оқу кітабын тыңдап, электронды үлкейткіш әйнекті көрді. Кәсіпорындағы көз мүгедектер жасайтын кішірейтілген көшірмелері кішкентай келушілерді таң қалдырды (матрастар, төсек жапқыштар, қолғаптар, сүзгілер) .

Тифлотехника мұражайы және Брайль әліппесі - біздің кітапхананың меншігі, онда біз балаларға көру қабілеті нашар адамдар қолданған көне кере-жарақтарды көрсеттік.

Ерекше нысандар балаларды қуантып, таң қалдырды.

Онлайн кім

Қазір 533 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр