+7 (7182) 34-89-93

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы «Жас оқырмандар» онлайн-сайысын ұйымдастырды. Сайыс Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналды. 3-12 жас аралығындағы балалар қатысты. Балалардың арасында №7 арнайы-мектеп интернаттың тәрбиенушілері қатысты. Сайыстың ережесі бойынша жас өспірімдер Отан туралы өлеңдері бейнекөрініс арқылы дайындады. Сайыстың қорытындысы 28 маусым сағат 15-00-де тікелей эфирде Instagram әлеуметтік желісінде ең көп лайк жинау нәтижесі бойынша шығарылды. Жеңімпаздар сертификаттарға ие болды. Барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

Шараның демеушісі «Голд Трейд & К» ЖММ Ляпунов В.Н. болды.

1 орын – Дүйсенбай Хакім. 8 жас (105 лайк) – «Антошка» дүкенінен ойыншық сатып алуға 5000 теңге сертификаты ұсынылды.

2 орын – Кулышева Зере. 8 жас (94 лайк) - «Антошка» дүкенінен ойыншық сатып алуға 3000 теңге сертификаты ұсынылды.

3 орын – Шәріпбеков Амангелды. 12 жас. (41 лайк) - «Антошка» дүкенінен ойыншық сатып алуға 2000 теңге сертификаты ұсынылды.

Онлайн кім

Қазір 49 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр