+7 (7182) 34-89-93

Павлодар облыстық арнайы кітапханасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 7-15 желтоқсан аралығында Instagram әлеуметтік желісінде «Мен өз елімнің патриотымын» атты онлайн-байқауын жариялады.

Байқаудың басты шарты патриоттық өлеңді мәнерлеп жатқа айтуда түсірілген өз бейнебаяныңмен бөлісу болды. Қатысуға Павлодар облысында тұратын 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың бейнебаяндары қабылданды. Байқауға 22 қатысушы қатысты. Ең кішкентай қатысушымыз 4 жаста болды.

Байқаудың нәтижелері 15 желтоқсанда сағат 15.00-де Instagram @specbiblioteka әлеуметтік желісі мен «Павлодар облыстық арнайы кітапханасы» YouTube арнасында жиналған ең көп лүпіл негізінде жарияланды. 1 орынды Артём Ковалев (322 лүпіл), 2 орынды - Сарлыбаева Корлан (276 лүпіл), 3 орынды - Кабдуллаева Аружан (238 лүпіл) иеленді.

Жеңімпаздар БАҒАЛЫ сыйлықтармен марапатталды.

photo 2020 12 21 16 41 30

Онлайн кім

Қазір 125 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр