15 ақпан күні арнайы кітапхана оқырмандары үшін Облыс Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен,
"Достық үйі - бейбітшілік пен келісім мекені" Достық үйінің 15 жылдығына арналған мерекелік музыкалық іс-шара өткізілді. Кітапхананың оқу залында «Иртышские казаки» - халық казак хоры (жетекшісі В. Н. Козлов), «Казачьи песни - Воля» халық ансамблі (жетекшісі – Медведева М. С.), Миненко Светлана бастаған еврей орталығының "Тайбэлах" вокалдық ансамблі өз өнерлерін көрсетті.
https://pavlspec.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1229:dosty-ji-bejbitshilik-pen-kelisim-mekeni&catid=47:zha-aly-tar&lang=kz&Itemid=127#sigProId911af735d0