Павлодар облысының 85 жылдық мерейтойын атап өту аясында облыстық арнайы кітапханасы, №24-ші жалпы орта білім беру мектебінің кітапхана төрінде 6 «А» сынып оқушыларына арнап аталмыш тақырыпта 18-ші қаңтар күні өлкетану сағаты өткізді.
Туып өскен өлке Павлодар облысы жөнінде ақпараттар беріліп, сондай ақ оқушыларға арнап, хронологиялық күнтізбеге байланысты викториналық сұрақтар қойылып, олардың арасынан белсене атсалысқан: Балгабаева Ильнара, Темиралинова Назира, Кәрібай Медина және Мұсатай Әмірлан атты балақайлар шапшаңдықпен жауап беріп отырды. Сонымен қатар өлкеміс жайында кітап көрмесі қойылып, бейнебаян көрсетілді.
https://pavlspec.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1212:pavlodar-oblysyna-85-zhyl-lketanu-sa-aty&catid=47&lang=kz&Itemid=127#sigProId484d9c1661