+7 (7182) 34-89-93

Биыл 25 қазанда Республика күні бір мүшел он үш жыл дегенде елімізде ұлттық мереке ретінде аталып өтпекші. 

Осыған орай  облыстық арнай кітапханамызда 24 жалпы білім беру мектебінің 6- сынып оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі Сәния Бейбітқызы Омарова  келіп, өзінің Республика күніне әзірлеген ақпаратымен бөлісті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, әрі қарай жастардың патриоттық сезімдерін арттыру үшін оқушыларға Отан, туған жер жайлы ақпараттар айтылды. Барша қазақ елін Республика күнімен шын жүректен құттықтап, бейбіт өміріміздің қаймағы бұзылмай, қазақ елінің мәртебесі биіктей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр