+7 (7182) 34-89-93

Облыстық арнайы кітапханада оқырмандар арасында өлкетанушы В.Болтинаның 75 жылдық мерейлі жасына орай «Мұрағат ісінің үздігі» атты кешкі кездесу өтті. Бұл кеште өлкетанушы жайында ақпарат пен оның авторлық  кітаптары оқырмандарға ұсынылды.

Вера Дмитриевна Болтина – тарихшы, мұрағатшы, ҚазКСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, мұрағат ісінің үздігі. Вера Дмитриевна 1947 жылдың 1 тамызында Рессей Федерациясы Орынбор облысы Орск қаласында туған. 1972 жылы Мәскеу мемлекеттік тарихи-мұрағат институтын бітірген. Мұрағат мекемелерінде 1966 жылдан бастап жұмыс істей бастаған. 2000-2008 жж. аралығында Павлодар облысында Архивтер департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

Вера Дмитриевна облыс тарихын зерттеуде маңызды орын алатын жинақтар құрастырды. Соның ішінде, «Из истории Русской Православной Церкви в Павлодарском Приртышье 1919-1990» ,«Из истории ислама в Павлодарском Прииртышье 1919-1999 гг.», «Здравоохранение Павлодарского Прииртышья в документах 1892-2002 гг.» деректі құжаттар жинақтарының, «Забвению не подлежит» (1997), «Книга скорби. Расстрельные списки»  т.б. авторласы.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр