+7 (7182) 34-89-93

15 маусым күні сағат 11:00-де облыстық арнайы кітапханада Брайль қарпімен оқу мен жазу сайысының бірінші кезеңі өтті. Байқау «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалымен бірлесіп ұйымдастырылып, Қазақ зағиптар қоғамының 85 жылдығына арналды. Бұл байқау зағип жандарды бедерлі нүктелі шрифтпен басылған кітаптарды белсенді оқуға тарту мақсатында өткізіледі.

«Оқу көшбасшысы» номинациясы бойынша (Брайл қарпімен оқу) орындар келесідей бөлінді: 1 орын – Боброва Нелли Алексеевна; 2 орын – Дедкова Фаина Анатольевна; 3 орын – Алмағамбетова Нұрбике Сейілханқызы. Байқауға 7 үміткер қатысты: кітапхананың ересек брайль оқырмандары және «ҚСҚ» мүшелері. Қатысушыларға Э.Шварцтың «Сказка о потеренном времени» ертегісінен үзінді мен «Қазақтың батырлары» - «Есекмерген» кітабынан үзінді оқу ұсынылды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және Брайль әліпбиін оқуда сәттілік тілейміз.

Онлайн кім

Қазір 84 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр