+7 (7182) 34-89-93

2022 жылдың 14 қаңтарында «Республикалық зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» РММ  арнайы кітапханаларының баспасөз хатшылары үшін «Сәтті баспасөз релизін жазудың 5 қадамы» тақырыбында ZOOM платформасында конференция ұйымдастырды.

Конференцияны «ЗНКААРК» РММ баспасөз хатшысы, ғылым магистрі, Мармара университетінің докторанты (Стамбул, Түркия) Фариза Нұрланқызы Танаева жүргізді.

Баяндамашылар: Өмір Әнуарбек – «31 арна» жалпыұлттық қазақстандық коммерциялық телеарнасының журналисі, Ақпарат бюросы және Мұхамадиева Қымбат Оралханқызы - журналист, Manshuq Media авторы.

Баяндамашылар пресс-релиздерді жазудағы негізгі қателер туралы, баспасөз және пост-релиздердің мазмұны, журналистердің байланысын қалай табуға, оларды қайда жіберуге болатыны туралы айтты.

Іс жүзінде қолдануға тұрарлық пайдалы ақпарат үшін спикерлерге алғыс айтамыз!