+7 (7182) 34-89-93

28 желтоқсан күні облыстық арнайы кітапханасы Instagram ресми парақшасында тікелей эфирде «Жаңа жылдық қолдан жасалған безендірулер» балалар онлайн-сайысының қорытындысын анықтады. Сайысқа Павлодар қаласы мен аудандық жерлерден 3 жастан 12 жасқа дейінгі  балалар қатысты.

Балалар сайысқа бір минуттан аспайтын қызықты бейнебаян дайындап, Лайк қою бойынша жеңімпаз атануға ұмтылды.

Жүлделер үшін тартысты күрестен кейін жеңімпаздар:

1 орын - Гулоева Мадина, 10 жас Аққулы ауданы – 128 лүпіл.

2 орын – Жасқайрат Дәрия, 9 жас  Павлодар қаласы -  108 лүпіл.

3 орын – Бекмұхамбет Нұрай, 8 жас Павлодар қаласы – 99 лүпіл.

Байқаудың қалған бес қатысушысы жаңа жылдық тәтті сыйлықтар түріндегі ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға денсаулық, бақыт және толағай табыстар тілейміз!!!