+7 (7182) 34-89-93

26 қарашада  «Еrtis»  ҚТК және «Көзі көрмейтін нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана» бірлескен «Керемет жандар» әлеуметтік жобасының  кезекті бағдарламасы шықты.

Бағдарламаның қонақтары: Ахметов Нұрсултан Нурланүлы (арбадағы мүгедек) және Аубакирова Бақтыгүл Иембергеновна (көзі нашар көретін) .

Ахметов Нұрсултан  Павлодар индустриалды институтты бітірді.  Әскери борышымды  Белоруссияда ақтады. 2000-2004 жылдары  Г.Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайында,  Торайгыров  атындағы Университетте де жұмыс істеді.  2004 жылы аварияға түсуп қалды.

Осы уақиғадан кейін бәрі өзгерді: реабилитация, өмірге деген көзқарасыа Аллаға сену... Ақырын қазақша, содан кейін Құран оқи бастады. Алланың қолдауымен ойлары өлең болып шықты. Тақпаөтарды 16-жасында жазатын еді, ал 2005 жылдан бастап байыпты жаза бастады.  Орыс мектебінде оқығандықтан, өлеңдерінің көбі орыс тілінде жазылған. Бірақ қазір, Аллаға шүкір, ол  қазақ тілінде жазады, Құран оқиды, көптеген философиялық өлеңдер жазады. Өлеңдері интернетте – stihi.ru әдеби порталында және қазақша proza.kz порталында, сондай-ақ ресейлік «Поэт года -2013» ресейлік журналында жарияланған. Оның ең үлкен арманы - өз  өлеңдер жинағын шығару.

Аубакирова Бахытгүл – облыстық С.Торайғыров атындағы әмбебап кітапхананың кітапханашысы. Қиыншықықтарға қарамай, №27 орта мектепті бітірді.  Павлодар гуманитарлық педагогикалық колледжінің «Әлеуметтік жұмыс» маманы бойынша оқыды.

2018 жылы Брайль бойынша оқып, енді өзі де оқытады. Арнайы кітапхана қызметкерлеріне Бахтыгүл  жылы лебіздерін, ризашылығын білдірді.

«Керемет жандар» бағдарламасында  өздері, отбасы, хоббилері туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Керемет жандар»  жобасын әр айдың  соңғы жұмасында тамашалай аласыздар.

Онлайн кім

Қазір 12 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр