+7 (7182) 34-89-93

25-ші қыркүйек күні Облыстық арнайы кітапхананың коворкинг орталығында әйгілі сазгер, талантты композиторлардың бірі, халық әртісі Сыдық Мұхамеджановтың 95 жылдығына арнап «Шаттық отаны» атты музыкалық кеш өткізілді.

Шара барысында халыққа бай мұра қалдырған С.Мұхамеджановтың өмір белестеріне және де музыкалық шығармашылығы баяндалды. Сонымен қатар, келген оқырмандармен бірге композитордың баршамызға танымал «Қырманға кел Қалқатай» әні шырқалып, ең ірі шығармаларының бірі «Айсұлу» күлдіргі операсы ұсынылды.

 

Онлайн кім

Қазір 57 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр