+7 (7182) 34-89-93

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні Облыстық арнайы кітапханада Ашық есік күні атты іс шарасы өтті.

Бұл шараға Павлодар облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасы мен қатар №1,2,3,4,5 емхана өкілдері, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстық қазақ соқырлар қоғамының өкілдері қатысты.

Зағип жандарға арналған Ашық есік күнінде өздерін толғандыратын маңызды сұрақтар қойылды. Көбінесе жүрушілер өткелінде еркін және қауіпсіз жол жүру, медицина саласындағы дәрі-дәрмектің бағасы жайлы, зағип жандарға берілетін курорттық демалыс орындары туралы және т.б., сұрақтар қойылды. Мемлекеттік мекеме мен ұйым өкілдері өздеріне кейбір сұрақтарды назарға алып, жеке жауап беруге сенім артты.

Онлайн кім

Қазір 79 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр