+7 (7182) 34-89-93

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» Заңының 14 Т, 3-ші бабында бекітілген. Көз мүгедектеріне арналған осы құқықты жүзеге асыру біздің кітапхананың басты міндеті.

Кітапхананалық жұмыстың мақсаты мен міндеттері әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы болып жатқан жаңалықтарға сәйкес болуы керек.

Қазақстан Республикасының мәртебесін көтеру мақсатында, жыл сайынғы Президентіміздің халыққа жолдауын, Үкімет қаулыларын насихаттау, экономикалық және әлеуметтік Бағдарламалар туралы ақпарат беру, демократиялық идеяларды қолдау және оны насихаттау. Ғылыми, білімді, әлеуметтік дамуға өзекті ықпал ету. Қазақстан Республикасының азаматтарының білімді және мәдени дамуына себепші болу.

Облыс көлемінде, қалада тұратын мүгедектерге кітапхананық қызмет жасаудың кепілділігі кітапхананың негізгі қызметі болып табылады. адамгершілік заңына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтар да ақпарат алуға және кітапханалық қызметпен қамтамасыз етілуге құқылы.

Көз мүгедектерінің ақпаратты заңды құқығының кепілгері бола отырып, біз басқа да дәрежедегі мүгедектерге және зейнеткерлерге қызмет көрсету.

Оқырмандарды әлемдегі мәдениет саласындағы, ғылымдағы, саясаттағы, өнердегі жетістіктермен таныстыру бағдарламасы деп саналатын көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруды жұмыстың ең басты міндеті деп есептеу.

Кітапхананың мәртебесін көтеру үшін оқу, қарым-қатынас жасау, интеллектуалды және рухани дамудағы ең жақсы дәстүрлерді сақтай отыра, дәстүрлі қызмет көрсету мен жаңа сандық ақпарат мәдениетін ескере отырып, мүгедектердің жан-жақты дамуына мүмкүндік туғызып және олардың шығармашылықтарын насихаттау керек.

Жұмыстың басты мақсаты:
  • Барлық санаттағы мүгедектерге ақпараттық-кітапханалық қызмет ету жүйесін қалыптастыру;
  • Оқырмандардың ерекшелік құрылымана байланысты оңалту қызметі;
  • Әлемдік және Казақстан Республикасының мәдени құдылықтарына араластыра отырып, мүгедектердің тең және еркін ақпарат алуларын, заңды құқығына сай ұйымдастыру;
  • Ұлттық мәдени мұраларды сақтап оны насихаттау;
  • Мүмкіндігі шектеулі пайдаланушыларға кең көлемді қызмет көрсететін құралдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, қайта жөндеуден өткізу, заманауи құралдармен жабдықтау;
  • Тифлографиялық көмекші құралдар және заманауи тифлотехникалық құралдардымен мүліктендіру;
  • Жаңа ақпараттық технологияны іске қосу;
  • Мүгедектер арасында ақпараттық мәдениеттілікті, оқуға, мемлекеттік тілді үйренуге, еліміздің тарихын білуге деген қызықтырушылықтарын тұрақты қалыптастыру;
  • Кітапхана пайдаланушыларына электронды ресурстарды қолдануға мүмкіндік туғызу;
  • Кітапхананы мамндандырылған қызметкерлермен қамтамасыз етіп, олардың білімдерін толықтыруларына ықпал жасау;
  • Кітап қорын толықтырып және жаңартып, олардың сақталуына ықпал ету, кітап алу орындарын көбейту;
  • Мәдениет ошақтарымен, ұлттық-мәдени орталықтармен және әлеуметтік қорғау мекемесімен, Облыстық зағиптар қоғамы басқармасымен, Қазақ зағиптар қоғамының Оқу өндірістік бірлестігінің әкімшілігімен іскерлік және шығармашылық қатынасты нығайту:
  • филиалдар мен кітапханалық пункттерге әдістемелік және кеңестік, тәжірибелік көмекті жоғары деңгейге жеткізу.

Онлайн кім

Қазір 83 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр