+7 (7182) 34-89-93

Павлодар облысы
қаржы басқармасының
2014 жылғы «8» сәуір 
№ 138 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН

 

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекеменің
ЖАРҒЫСЫ

 

1. Жалпы ереже

1.  Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме), функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып, кітапхана жұмысын мәдениет саласында жүзеге асырады.

2.  Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық

3.  Мемлекеттік мекеме 1969 жылы 12 қарашада Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің бұйрығына сәйкес, Павлодар қаласындағы №7 кітапхананың негізінде «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана» құрылды.

4.  Павлодар облысының әкімдігі жергілікті атқарушы органы, мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.

5.  Мемлекеттік мекемені жүзеге асыратын орган Павлодар облысының мәдениет басқармасының (бұдан әрі – басқарма органы) болып табылады.

6.  Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы: коммунальное  государственное учреждение «Областная специальная библиотека для незрячих и слабовидящих граждан» управления культуры, архивов и документации Павлодарской области, акимата Павлодарской области.

7.  Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140007, Павлодар қаласы, Амангелді көшесі, 17/1

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

8.  Мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

9.  Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

10. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құрай алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

11. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

12. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметінің мәні мен мақсаттары

13.  Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні – көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға (бұдан әрі – пайдаланушыларға) олардың жас ерекшеліктерін, оқырмандардың мүдделерін және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, осы азаматтар санатын ұлттық рухани құндылықтарға, сондай-ақ әлемдік мәдениеттің құндылықтарына тарту мақсатымен тиімді қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

14.  Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

1)  облыс кітапханаларының мәдени – ағарту, ақпараттық қызметінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

2. облыстық кітапхана қорына қол жетерлікті қамтамасыз ету болып табылады.

15. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1)  жинақтау, жүйелеу, есепке алу, сақтау және Пайдаланушыларға жазық басылымды әдебиетпен, аудиотасымалдаушылармен, сондай-ақ бедерлі-нүктелі қаріп негізіндегі әдебиетпен жұмыс жасауда көмек көрсетуді ұйымдастыру;

2) пайдаланушыларға ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қорын жинақтауды, жүйелеуді, есепке алуды, сақтау және пайдалануды бақылауды қамтамасыз ету;

4) Пайдаланушыларға кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні болып табылады;

5) Мемлекеттік мекеменің қорын және облыстың басқа да кітапханалар қорларын оқу залында, кітапханааралық абонемент бойынша оқырмандарға кітаптар мен басқа баспа басылымдарын ұсыну;

6) Мемлекеттік мекеменің инфрақұрылымының өркендетуін, материалдық - техникалық негізін және өндірістік – шаруашылық қызметін қамтамасыз ету;

7) ұлттық және дүние жүзілік мәдени құндылыққа араласу арқылы азаматтарды патриоттық эстетикалық тәрбиелеуге жағдай жасау;

8) дарынды жеке тұлғаның қолдауын қамтамасыз ету;

9) мәдениет саласындағы қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру;

10) абоненттерге әдебиетті кітапханааралық абонементтер бойынша айырбастауды, Павлодар облысының кітапханатану саласындағы кітапханалық-библиографиялық үдерістерді автоматтандыру және компьютерлендіру құралдарын енгізуді қамтамасыз ету;

11) ғылыми-тәжірибешілік конференциялар, семинарлар, кеңестер,практикумдар өткізу, тағылымдамаларды және кітапхана қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыруға бағытталған басқа да іс-шараларды ұйымдастыру; озық тәжірибені айқындау, зерделеу, қорыту және кітапханалық практикаға жоспарлы түрде енгізу мемлекеттік мекеме қызметінің мәні болып табылады.

Мемлекеттік мекемеге Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

16. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле жергілікті атқарушы органының, мемлекеттік мекеме басқаруын жүзеге асыру органының, атқарушы органының, жергілікті бюджеттен қаржыландыру, облыстық коммуналдық мүлікті иелік етуге уәкілетті, не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі. 

4. Мемлекеттік мекемені басқару

18. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Басқарма органы жүзеге асырады.

19. Жергілікті атқарушы орган:

1) құру туралы шешім қабылдайды, мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

3) мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді.

4) мемлекеттік мекемесінің жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе атқарушы орган жергілікті бюджетті комуналдық мүлікке иелік ету уәкілдігіне келісімін береді.

20.  Басқарма органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)  мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

2)  мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

3)  мемлекеттік мекеме жарғысын бекітуге енгізеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бастайды;

4)  мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

5) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

6)  мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

7)  мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

8)  жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

9)  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке иелік ету уәкiлдік мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге атқарушы органға келісімін береді;

10)  жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

11)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

21.  Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқарма органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

22. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, басқарма органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

23. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидасы бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

24. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)  мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8)басқарма органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және басқарма органымен жүктелген, басқа да функцияларды жүзеге асырады.25. Мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.26. Мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. Мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі28.  Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

29. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқыєы жоқ.

30.  Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше ќорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

31.  Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі жергілікті атқарушы органы бюджетінен қаржыландырады.

32.  Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

33.  Мемлекеттік мекеменің қаржылық - шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма органы және басқа да мемлекеттік органдары мен жүзеге асырылады. 

6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

34.  Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс. 

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

35.  Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органының немесе атқарушы органының, жергілікті бюджеттен қаржыландыру, облыстық коммуналдық мүлікке иелік етуге уәкілеттінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

36.  Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі. 

8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

37. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

9. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

35. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

Онлайн кім

Қазір 79 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр