+7 (7182) 34-89-93

 

pasport2Басшы:          Кенжебекова Жамал Қиянқықызы    

Мекенжайы: 140007  Павлодар қаласы

                       Амангелді көшесі, 17/1үй

                       Тел. 348998, 348993, факс 348982.

Бекітілген:    1969 жылы  12 қарашада Қазақ ССР Мәдениет

                        Министрлігінің шешімі және 1970 жылғы

                        26 қаңтардағы Облыстық мәдениет

                        басқармасының №29-шы бұйрығы бойынша

                        Павлодар қаласындағы №7 кітапхананың негізінде

                        1970 жылы  3  қаңтардан «Көзі көрмейтін және нашар көретін

                        азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана» ашу.

Тіркеу           Алғашқы тіркелген күні  26.01.1970 ж.

куәлігі           №1678-1945-ММ 17.02.1999ж.

                       Бизнес сәйкестендіру нөмірі  700140000029  (БСН)       

«Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға  арналған облыстық арнайы кітапханасы» КММ

                                                                      

  1. Кітапхана басшысы –– Кенжебекова Жамал Қиянқықызы
  2. Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама  басқармасы мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқару органы болып табылады.
  3. Кітапхананың мекен- жайы:  140007 Павлодар қаласы, Амангелді көшесі, 17/1.
  4.  1969 жылы 12 қарашада Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің шешімі және 1970 жылғы 26 қаңтардағы Облыстық мәдениет басқармасының №29-шы бұйрығы бойынша Павлодар қаласындағы №7 кітапхананың негізінде 1970 жылы 3 қаңтардан «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы» ашылды.
  5. Ғимараттың жалпы көлемі: 556,9 м2
  6. Жұмыскерлердің саны – 20, оның ішінде 11кітапхана қызметкерлері, 7 техникалық жұмыскерлер, 1 кадр бойынша инспекторы, 1 бас есепші.
  7. Кітапхана жұмысының басым бағыты - мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпарат алуға мүмкіндік туғызу және оларға әлеуметтік  ортада бейімделу қабілеттіліктерін арттыруға жағдай  жасау.
  8. Арнайы кітапхана кітапханалық қызмет жиынтығын -мүгедектерге     ақпарат алу, бос уақытын қызықты өткізуді ұйымдастыру, мәдени-сауық, әлеуметтік- ақтау қабілеттіліктерін  арттыруды - өзінің міндеті деп санайды.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпарат алу құқығы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» (14б.,3т.) Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген. Көз мүгедектеріне арналған осы құқықты жүзеге асыру арнайы кітапханаға негізгі  міндет ретінде жүктелген.

Көз мүгедектерінің ақпаратты заңды құқығын қорғау кепілгері бола отырып, біз басқа да дәрежедегі мүгедектерге және зейнеткерлерге қызмет көрсетеміз. Көз мүгедектеріне қызмет етуде қолданылатын жұмыстың түрлері мен әдістерін, ұстанымдарын  басқа дәрежедегі мүгедектерге қызмет жасауда да тиімді  қолдануға болады.

Бүгінде кітапхана – мүгедектердің бос уақытын өткізетін және ақпарат алатын ең белгілі және жүрекке ыстық  мәдени орталықтарының бірі деп сенімді түрде айтуға болады.

Кітапхана мүгедектердің бос уақытын тиімді өткізулеріне, білім алу, сауықтыру, ақталу  үдерістерінде қатысады.

Кітапхана жұмысының негізгі бағыты – мүгедектердің ерекшеліктерін ескере отыра, олардың бос уақытын өткізуге және бір-бірімен қарым-қатынастарына себепші болу.

Мүгедектермен жұмыс істегенде олардың әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктеріне басым көңіл бөлу керек. Әлеуметтік ақталу орталықтарының рөлін ақпараттық - сауық клубтары, әдеби-музыкалық сәлемдеме, балалық- жасөспірім клубтары атқарады.Олардың кітапхана мен кітапханалық пункттердегі саны – 14.

Бейімделу клубтарының ұйымдастырушылары  кітапханашылар және белсенді көмекшілер – олар, әрине, оқырмандар белсенділері, олармен бірге, әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі жандарға адал көмек көрсететін облысқа белгілі азаматтар.

Арнайы кітапханада басқа көпшілік кітапханаларда ұдайы көрсетілмейтін, оқырмандар үшін барлық жағдай жасалып, әсіресе, есту, сезіну, көру қабілеті нашар жандарға көмек көрсететін  қызмет кешені бар.

Кітапханада  жаңа құралдармен жабдықталған тифлоақпараттық кешені бар. Көз мүгедектері компьютерлік сауаттылыққа үйренеді, компьютердің көмегі арқылы ақпарат алады, оқу машинасымен оқып, мәтінді үлкейтілген әрпімен және Брайль әрпімен  басып шығара алады. 

Кітапхана өзінің пайдаланушыларына түрлі қызмет көрсетеді, олар:

  • кітапханашы-оқушы оқырмандардың сұрауы бойынша жалпақ басылымды оқулықтарды, ғылыми кітаптаптарды дауыстап оқу;
  • кітапхананың автокөлігімен кітапты оқырманның үйіне апарып беру;
  • «оқу машинасын» пайдалануға беру;
  • мәтіндерді сканерлеу, нүктелі-бедерлі әрпімен жазылған мәтіндерді принтер арқылы басып шығару;
  1. Негізгі көрсеткіштер 2015ж. 1қарашасына:
  • Оқырмандар саны – 2246
  • Кітап қоры – 75958 сана
  • Келушілер саны – 19752
  • Берілген  кітап саны – 96436 
  1. Кітапхананың  құрылым бөлімдерінің саны:

   -Кітап қорын жинақтау және өңдеу бөлімі:

   -Оқу залы:

                             - дауыстап оқу үйірмелері

    -Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі:

                              -абонемент

                             - фонотека

   - тифлокабинет

   - кітапханадан тыс қызмет көрсету бөлімі:

   - үйден  қызмет ету;

   - сырттай қызмет көрсету;

   - кітапханалық пункттер – 16

11. Кітапхананы жарнамалау. Қоғамдық мекемелермен байланыс.

Кітапхана қызметі мен мүмкіндігін  насихаттауда БАҚ –пен байланысқа көп назар аударылады.

Біз жазған мақалалар, газет беттеріндегі, радио мен теледидардан берілген тілшілердің репортаждары облыс тұрғындарына жақсы дәрежемен кітапхана танымалдылығын арттырады.

Айына екі рет облыстық радиода «Шамшырақ» атты зағип жандарға арналған екі тілде радиобағдарлама беріледі.

Облыстық Қазақ Соқырлар Қоғамының басқармасымен, қалалық мүгедектермен жұмыс істейтін Мәдениет үйімен, Павлодар облысының жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарлама басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейміз.

Байланыс телефондары: 8 (7182)348998, факс 348982

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.;
Сайт: pavlspec.kz/

Онлайн кім

Қазір 159 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр