+7 (7182) 34-89-93

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз», – делінген ақпаратта.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы осымен 15 жыл қатарынан ұйымдастырып келе жатқан акция аясында таңдалған кітаптар республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларында кеңінен насихатталатын болады.

Төменде ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімі ұсынылады:

Поэзия  

1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан».

2Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным».

3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап».

4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы».

5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары».

6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».

 

Проза

1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі».

2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы».

3.Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр».

4.Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет».

5.Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ».

6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».

 

Драматургия

1.Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы.

2.Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы.

3.Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі».

4.Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы.

5.Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы.

6.Сая Қасымбек «Жанталас».

 

Балалар әдебиеті

1.Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар».

2.Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».

3.Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».

4.Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн».

5.Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».

6.Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».

  

Аударма

1.Юсупов Кеңес - Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық».

2.Әдетов Бекболат – Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір».

3.Ахметов Әділ -Агата Кристи «Ғайып болған миллион».

4.Меллат Төлеген -Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн».

5.Мәзен Динара - Ж.К. Роулинг «Гарри Поттер мен жасырын бөлме».

6.Құрметұлы Амангелді - Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».

 

 

 

Онлайн кім

Қазір 75 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр