+7 (7182) 34-89-93

15-ші шілде күні Облыстық арнайы кітапхананың әлеуметтік желілеріндегі INSATGRAM, FACEBOOK, YOUTUBE парақшаларында «А.Жақсыбаев-Павлодар облысының Құрметті азаматы» атты өлкетану оқуы жараияланды.

Жазушы, журналист, аудармашы Ахат Имантайұлы Жақсыбаев 1940 жылы 5 шілдеде Павлодар қаласында туған. Орта мектепті бітірген соң 1958-1960 жылдары Екібастұз қаласында дренажды шахтада жұмыс істеді. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетіндегі филология факультетінің журналистика бөлімін бітірді. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»). «Қазақ әдебиеті» газеттерінде  бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

Ахат Жақсыбаев аудармашы ретінде де кеңінен танылды. 1986 жылы Го Хаггардтың «Маргарет ару» романы «Жалын» баспасында қазақ тілінде жарыққа шықты. Сонымен қоса, Рой Медведевтің «Сталиннің серіктері» және Әнуар Әлімжановтың «Таным» повесін орыс тіліне аударған болатын.

Жазушы Ахат Жақсыбаев қазақ баспасөзінде ұзақ жылдар басшылық қызметте боп, журналистиканың жақсы дәстүрлерін қалыптастыруда, ұлтымыздың қоғамдық ойының биіктеуіне көп еңбек сіңірді. Журналистика саласында шығармашылық қуаты мол қарымды қаламгер ретінде елге танылды.

Онлайн кім

Қазір 114 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр