+7 (7182) 34-89-93

Бүгінгі таңда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы жер-жерлерде ел болып аталып өткізіліп отыр, біздің де кітапхана мерейтойды өткізуде ат салысуда. «Ұлы тұлға, өмірі мен шығармашылығы» атты әдеби сағаты ретінде өткізіп, текеметпен көркемделген кітапхана төріндегі кітап көрмесін ұсынуда. Айтулы іс-шараға кітапханамыздың өнер сүйер қауымы, оқырмандары мен №25 мектеп оқушылары қатысып отыр. Сондай-ақ, Абай атамызды насихаттаушы, Абайтанушы Әсенов Даниал да келді.

Абай атамыздың туған жері - Семей қаласының арнайы кітапханасымен онлайн байланысына шығып, жыршы-термешілер Абайдың өлеңдерін оқыды. Абайды тану – әрбір қазақтың міндеті екенін естен шығармайық. Ұлы Абайдың 175 жылдығын тойлай отыра, Н.Ә. Назарбаевтың 80 жылдығының қарсаңында біздің де кітапхананың 50-жылдық мерейтойы туралы айтқалы тұрмыз. Баршаңызды Ұлы Абайдың шығармаларын, Елбасымыздың қолжазбаларын және кітапхананың жобалары туралы біліп оқуға арнайы кітапханаға шақырамыз.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр