+7 (7182) 34-89-93

22-ші қаңтар күні Облыстық арнайы кітапханада Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 80-жылдығына орай, «Тәуелсіз Қазақстан: қазіргі заман тарихы мен сабағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені тамашалауға Павлодар қаласының №25-ші жалпы білім беру мектеп оқушылары қатысты. Тұңғыш президенттің өмірінен және еңбек жолындағы тарихынан қызықты да, ауқымды мәлімет айтылды. Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаевтың нақыл сөздер жинағын оқырман қауымға насихаттау жүргізілді. Кітап көрмесіндегі 7 кітапқа ерекше тоқталып, шолу жасалып, афоризімдері оқылды. Оқушылар өз тарапынан елбасы туралы ақпараттарымен бөлісіп, тәуелсіздік жолындағы үлгі тұтар игі істерін айтып өтті. «Елбасы жолы» бейнебаян көрсетіліп, сұрақ–жауап арқылы ойымыз түйінделді.

 

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр