+7 (7182) 34-89-93

Облыстық арнайы кітапханада «Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-Домбыра!» атты Қадыр Мырза Әлидің-85 жасына арналған музыкалық әдеби кеш өтті. 24-ші жалпы орта мектептің жас домбырашылары жетекшісі Б.Сатиевтің бастауымен, кешіміз домбыраның үнімен ашылды.

Ақынның өмір тарихы және шығармаларымен танысып, жеке мұрағатынан суреттері мен бейнебаян көрсетілді. Жазушының өлең, поэмаларынан және афоризимдерінен үзінді оқылды.

Қадыр Мырза Әлидің сөзіне жазылған жастық шақты еске алдыра «Жасыл жайлау» мен патриоттық сезімдерін оята «Қазақ осы» эстрадалық әні шырқалып, оқырмандар жанды дауысымен қостады.

Қадыр Мырза Әлидің француз халқынан аударған жұмбақтарын оқырмандарға жасырып, бірлесе шешімін таптық. Жазушының шағын кітаптарынан көрме ұйымдастырылды.

Онлайн кім

Қазір 97 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр