+7 (7182) 34-89-93

24 желтоқсанда облыстық арнайы кітапхана «MelaNika» әйелдер киім дүкенімен бірге «Домовенок» клубының аясында ерекше балаларға арналған «Жаңа жылдық оқиғалар» атты жаңа жылдық қайырымдылық ертеңгілігін өткізді.

Мерекенің басынан бастап ертегі кейіпкерлері балаларды ертегінің сиқырлы әлеміне баулыды.

Балалар мерекелік қызықты сайыстарға қатысып, Аяз ата мен Ақшақармен шыршаны айнала биледі.

Қызықты бағдарлама, музыкалық нөмірлер, сондай-ақ балалармен өткізілген ойындар мен билер қатысушылардың барлығын қызықтырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр